БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттарына арналған ауқымды оқыту тренингі өтті. Бұл шараны ҚР ПІБ жаныдағы Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі және ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі бірлесе ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мәслихаттармен өзара іс-қимыл бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Іс-шараға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының депутаттары қатысты.
Тренингтің басты мақсаты – халық қалаулыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру және заң шығармашылығы мен құқық қолдану саласындағы тәжірибелік көмек көрсету болды.
Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен өз сөзінде заңнаманы жетілдіру бағытында жүйелі түрде жұмыс істеудің халықтың өмір сапасын арттырудағы басты шарттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды еске салып, қоғамдық бақылауды күшейту, адам саудасымен күрес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданған шаралардың маңыздылығын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату және білім беру мекемелері мен ойын алаңдарында балаларды қорғауға бағытталған нормалардың енгізілгенін де тілге тиек етті.
Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Баталова, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өкілі Әсел Қаратаева және Сенат депутаты Арман Өтегұлов сөз алып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әлеуетін арттыру мақсатында осындай тренингтердің жүйелі түрде өтуінің маңыздылығын атап өтті.
Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Батталова мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету туралы баяндама жасап, жергілікті органдардың заңнамалық базаға негізделген жұмыс істеуінің маңызын түсіндірді. Парламентаризм институтының сарапшысы Меруерт Қабылбаева депутаттардың Парламентпен тығыз байланысын күшейту қажеттігін, мәслихаттардың жергілікті мәселелерді шешудегі рөлін атап өтті.
«Азаматтар ең алдымен мәслихат депутаттарына жүгінеді, және сіздер арқылы олардың билік органдарымен алғашқы байланысы жүзеге асады. Сенатпен бірлескен жұмыс заңдардың орындалуын қадағалауға және туындайтын проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік береді», – деді Қабылбаева. Сарапшы, сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай жүйесін құрудың маңыздылығына тоқталып, бұл жүйе арқылы тұрғындардың қажеттіліктерін анықтауға және соларға сай шаралар қабылдауға болатынын атап өтті. «Мұндай жүйе мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін арттырады және олардың мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Парламентаризм институтының сарапшысы Жанибек Саттыбаев өз баяндамасында жер ресурстарын басқару мәселелерін жан-жақты талдады. Ол, әсіресе, ауылдық елді мекендердегі жайылымдық жерлердің тапшылығы, бір жер учаскесіне бірнеше құқықтың қабаттасуынан туындайтын проблемалар, сондай-ақ, су айдындары маңындағы жерлерді пайдалануда қатаң бақылау қажеттілігіне назар аударды.
Сарапшының айтуынша, пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерін қайта бөлу және жер ресурстарын тиімді басқару үшін мәслихат депутаттары мен атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажет.
Экология мәселесі де назардан тыс қалмады. Сарапшы Кирилл Осин өңірлердегі экологиялық жағдайға тоқталып, экологиялық апаттардың алдын алу және табиғат қорғау шараларын күшейту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бұл бағыттағы жүйелі шаралар экологиялық ахуалды жақсартып, болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыруға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесін сарапшы Алмагүл Хасенова көтеріп, жергілікті бюджеттер мен бағдарламаларды бақылауда ұстаудың маңыздылығына тоқталды. > Институт парламентаризма: Ол Transparency International ұйымының мәліметтерін келтіре отырып, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 97-орынға ие болғанын айтты. Дегенмен, 100 ұпайдың 39-ын жинау әлі де болса қосымша шараларды талап ететінін көрсетті.
«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Мереке Ғабдуәлиев өз сөзінде депутаттардың сайлаушылармен тиімді коммуникация орнатуының маңызын атап өтті. Ол ашықтық пен жариялылықтың халық пен билік арасындағы сенімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтіп, депутаттардың қоғаммен белсенді әрі ашық диалог жүргізуі жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратынын баса айтты.
Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының сарапшысы Ш.С. Оңғарұлы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін құқық қорғау органдарымен тиімді байланыс орнатудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейту және өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Іс-шара соңында қатысушылар мұндай оқыту бағдарламаларын тұрақты түрде өткізіп тұрудың қажеттілігін атап, депутаттардың біліктілігін арттыру мен атқарушы органдармен өзара іс-қимылды нығайту азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын баса айтты.
2024 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен
мәслихаттар арасындағы өзара іс қимылды одан әрі жетілдіру жөніндегі
іс шаралар жоспарын орындау үшін мәслихаттар депутаттары мен олардың
аппараттары қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және
біліктілігін арттыруға арналған
ТРЕНИНГТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ
Ұйымдастырушылар:
1. ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты
2. Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры
3. «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ
4. Түркістан облыстық мәслихаты
5. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі
Бағдарлама |
Баяндамашылар |
|
Модератор (1-бөлім): Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы
|
||
9.30-10.00 |
Қатысушыларды тіркеу |
|
10.00-10.20 |
Іс-шараның ашылуы Кіріспе сөз |
Мұрат Рахметұлы Мұқаев |
10.20-10.30 |
Баяндама: Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі бағыттары |
Сүлеймен Лəззат Жаңылысқызы – Парламентаризм институты директорының орынбасары (қазақ-орыс тілдерінде) |
11.30-11.00 |
Тренинг: «Мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» |
Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қорың президенті
|
11.00 – 11.30 |
«Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен тиімді қарым-қатынасы» |
Чеботарёв Андрей Евгеньевич – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Габдуалиев Мереке Тлекович– Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының ғылыми жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты |
11.30 – 12.00 |
Тренинг: «Мәслихат депутаттарының ҚР Парламенті депутаттарымен өзара іс-қимылы» |
Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қорың президенті Кабылбаева Меруерт Алихановна – Парламентаризм институтының жеке заңнама орталығының бастығы |
12.00 - 13.00 |
Талқылау (сұрақ-жауап) |
|
13.00 - 14.00 |
ТҮСКІ ҮЗІЛІС
|
|
Депутаттардың біліктілігін арттыру бойынша дәрістер.
Модератор (2-бөлім): Батталова Зауреш Кабылбековна
|
||
14.00-14.20 |
Әкімшілік аумақта кәсіпкерлікті реттеу мәселелері (практикалық дәрістер) |
Курбанбаева Гульнар Туретаевна - Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығының президенті (орыс тілінде) |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері |
Хасенова Алмагуль Рашидовна - Парламентаризм институтының сарапшысы (орыс тілінде) |
|
14.40-15.00 |
Әкімшілік аумақтың (ауданның, қаланың, облыстың) жер шаруашылығы мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Саттыбаев Жанибек Серикович - Жер мәселелері және жерге орналастырушылық жөніндегі сарапшы (орыс тілінде) |
15.00-15.20 |
Әкімшілік аумақтың (ауданның, қаланың, облыстың) экологиялық мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Осин Кирилл Владимирович – Эко-Маңғыстау» ҮЕҰ директоры, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты (орыс тілінде) |
15.20-16.00 |
Әкімшілік аумақтың халқы мен оқушыларына көліктік қызмет көрсету мәселелері |
Казиев Санжар Бакытбекович – «Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының сарапшы урбанисті (орыс тілінде) |
16.00-16.20 |
Әкімшілік аумақта (аудан, қала, облыс) қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Оңғаров Шырынбек Сусынұлы - Парламентаризм институтының сарапшысы |
16.20-17.00 |
Талқылау (сұрақ-жауап)
|
|
17.00-17.10 |
Қортындылау |