ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА ОҚЫТУ ТРЕНИНГІ ӨТТІ
Тарихи Түркістанда Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген мәслихат депутаттарына арналған оқыту тренингі ұйымдастырылды. Шараны ҚР Президент істер басқармасы жанындағы Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстан мәслихат депутаттары қауымдастығы және ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі ұйымдастырды.
Парламентаризм институты директорының орынбасары Ляззат Жанылысқызы Сүлеймен қатысушылар алдында сөз сөйлеп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заңнамалық нормаларды жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Бұл тренинг – Қазақстан Сенаты мен мәслихаттардың 2024 жылы бекітілген өзара іс-қимыл бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, ол депутаттардың заң шығару құзыреттерін арттыруға және құқық қолдану дағдыларын нығайтуға бағытталған. Тренинг барысында өңірлік көшбасшылардың алдында тұрған өзекті мәселелер, соның ішінде қоғамдық бақылау, әлеуметтік қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланды.
Қатысушыларды құттықтау сөздерімен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Сұлтан Күшенов, Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Баталова және ЕҚЫҰ өкілі Әсел Қаратаева сөз сөйледі. Олар мәслихат институтын нығайту мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі рөлін күшейту үшін мұндай тренингтердің маңыздылығын атап өтті.
Өз баяндамасында Зауреш Баталова мәслихаттардың қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Парламентаризм институтының сарапшысы Меруерт Қабылбаева депутаттардың Парламентпен байланысын нығайту мен мәслихаттардың халықтың өзекті мәселелерін шешудегі рөлін атап өтті. Ол әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, сайлаушылармен тиімді байланыс орнату арқылы халықтың қажеттіліктерін дәл анықтап, мәселелерді шұғыл шешудің маңыздылығын атап өтті.
Парламентаризм институтының сарапшысы Жанибек Саттыбаев өз сөзінде жер ресурстарын тиімді басқару мәселелерін қозғап, ауылдық елді мекендердегі жайылым тапшылығы мен бір жер учаскесіне бірнеше құқықтың қабаттасу проблемаларын атап өтті.
Сонымен қатар, су көздеріне жақын жерлерді пайдалануды бақылаудың маңыздылығын айтты.
Тренинг аясында сайлаушылармен байланыс орнатудың тиімді әдістері, көлік қызметтері, абаттандыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар талқыланды. Алмагүл Хасенова Transparency International мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетістіктерін атап өтіп, ашық басқару жүйесіне қол жеткізу үшін жергілікті деңгейде қосымша күш салудың қажеттігін айтты.
Тренингтің қорытындысында депутаттар осындай шаралардың тұрақты өткізілуі қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. Олар мұндай тренингтердің тек біліктілікті арттырып қана қоймай, өз аймақтарының игілігіне қызмет ететін күшті команда қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
2024 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен
мәслихаттар арасындағы өзара іс қимылды одан әрі жетілдіру жөніндегі
іс шаралар жоспарын орындау үшін мәслихаттар депутаттары мен олардың
аппараттары қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және
біліктілігін арттыруға арналған
ТРЕНИНГТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ
Ұйымдастырушылар:
1. ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты
2. Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры
3. «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ
4. Түркістан облыстық мәслихаты
5. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі
Бағдарлама |
Баяндамашылар |
|
Модератор (1-бөлім): Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы
|
||
9.30-10.00 |
Қатысушыларды тіркеу |
|
10.00-10.45 |
Іс-шараның ашылуы Кіріспе сөз |
Көшенов Сұлтан Бахытұлы - Түркістан облыстық мәслихаты кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Арубаев Сәкен Қаланұлы - Жамбыл облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы – ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары
Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті
Каратаева Асель Есеевна - ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісінің м. а. |
10.45-11.15 |
«Мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» |
Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті (қазақ-орыс тілдерінде) Габдуалиев Мереке Тлекович–Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының ғылыми жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (орыс тілінде) |
11.15-11.45 |
«Мәслихат депутаттарының ҚР Парламенті депутаттарымен өзара іс-қимылы» |
Кабылбаева Меруерт Алихановна –Парламентаризм институтының НҚА мониторингі және халықаралық тәжірибе орталығының бастығы (қазақ тілінде) Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті (қазақ-орыс тілдерінде) |
11.45 – 12.15 |
«Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен тиімді қарым-қатынасы» |
Чеботарёв Андрей Евгеньевич – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры (орыс тілінде) Габдуалиев Мереке Тлекович– Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының ғылыми жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (орыс тілінде) |
12.15 - 12.30 |
Талқылау (сұрақ-жауап) |
|
12.30 - 14.00 |
ТҮСКІ ҮЗІЛІС
|
|
Депутаттардың біліктілігін арттыру бойынша дәрістер.
Модератор (2-бөлім): Батталова Зауреш Кабылбековна
|
||
14.00-14.20 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері |
Хасенова Алмагуль Рашидовна – Парламентаризм институтының сарапшысы (орыс тілінде) |
Әкімшілік аумақта кәсіпкерлікті реттеу мәселелері |
Курбанбаева Гульнар Туретаевна - Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығының президенті (орыс тілінде) |
|
14.40-15.00 |
Әкімшілік аумақтың жер шаруашылығы мәселелері |
Саттыбаев Жәнібек Серікұлы – Жер мәселелері және жерге орналастырушылық жөніндегі сарапшы (қазақ тілінде) |
15.00-15.20 |
Әкімшілік аумақтың халқы мен оқушыларына көліктік қызмет көрсету мәселелері |
Казиев Санжар Бакытбекович – «Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының сарапшы урбанисті (орыс тілінде) |
15.20-16.20 |
Тәжірибе алмасу. Мәслихат депутаттарының сөз сөйлеуі |
|
|
Жантөреева Қалыйма - «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Парасат» орденінің иегері, Түркістан облысының Құрметті азаматы
|
|
Мәслихат депутаттары-қатысушалыр |
||
16.00-17.00 |
Қорытындылау
|