


ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Құқық қорғау және сот жүйесі орталығының бас сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұртай Қонысбайұлы Иманғалиев Құқық қорғау органдары академиясының 10 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрылғанына 10 жыл толады. Академияның іргетасы қаланған кезеңде Нұртай Қонысбайұлы Иманғалиев осы оқу орнының негізін қалауға белсене қатысып, оның ұйымдық құрылымы, құқықтық негізі мен ғылыми бағыттарының қалыптасуына зор үлес қосты. Ол Академияның алғашқы даму кезеңінде кәсіби деңгейінің артуына ықпал еткен беделді әрі тәжірибелі мамандардың бірі ретінде ерекше құрметке ие.
Марапатты Академия директоры, генерал Марат Исламханұлы Сексенбаев табыстап, Нұртай Қонысбайұлының құқық қорғау саласын дамытуға қосқан ұзақ жылғы ғылыми және практикалық үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, құқықтық жүйені жетілдіру бағытындағы бастамалары мен зерттеулері сала үшін маңызды екенін атап өтті.
Парламентаризм институтының ұжымы Нұртай Қонысбайұлын шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ғылыми және кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс тілейді. Еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға қосқан еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, беделіңіз биіктей берсін!