Басты бетСенатта жасанды интеллектінің құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі талқыланды

Сенатта жасанды интеллектінің құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі талқыланды

Сенатта жасанды интеллектінің құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі талқыланды Сенатта жасанды интеллектінің құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі талқыланды Сенатта жасанды интеллектінің құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі талқыланды Сенатта жасанды интеллектінің құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі талқыланды

2025 жылғы 14 мамырда ҚР Парламенті Сенатында құқық қорғау және сот саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану мәселелеріне арналған комитет отырысы өтті. Іс-шараны Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ПІБ жанындағы Парламентаризм институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жиында жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен оны құқық қорғау және сот салаларына енгізудің ықтимал тәуекелдері сөз болды. Сонымен қатар, бұл процесті заңнамалық тұрғыда қалай реттеу керек деген сұрақтар күн тәртібіне шығарылды.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров пен Мәжіліс депутаты Советбек Медебаев қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде ЖИ-дің заманауи қоғамдағы орны мен оны тиімді қолданудың маңызына тоқталды.

Отырыста Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен мазмұнды баяндама жасап, жасанды интеллектіні реттейтін заңнаманы халықаралық тәжірибелермен ұштастыра отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, deepfake сияқты технологиялардың дамуы жалған ақпарат тарату, дәлелдерді қолдан жасау және сайлау процесіне араласу сынды күрделі қауіптерге жол ашуы мүмкін. Осы орайда, заңмен нақты шектеулер мен жауапкершілік механизмдерін белгілеу – уақыт талабы.

Кездесу барысында Сот әкімшілігі, Ішкі істер министрлігі, МЦРИАП жанындағы Жасанды интеллект комитеті, Maqsut Narikbayev University, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың өкілдері де сөз алып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Қатысушылар жасанды интеллектіні енгізу кезінде технологиялық прогресс, қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғау арасында тепе-теңдік орнату маңызды екенін атап өтті. Отырыстың қорытындысында бірқатар нақты ұсынымдар әзірленіп, салааралық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамалар ұсынылды.