Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 12-подъезд, А303-кабинет, анықтама телефоны: (7172) 74-74-60.
Кәсіпорнының атауы: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы. Анықтама телефоны: (7172) 24-90-92
Кәсіпорнының негізгі қызметі: қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу қажеттілігінің ғылыми негіздемесін, жаңа нормаларды енгізуді, заң жобасының тұжырымдамасы мен мәтінін әзірлеуді қоса алғанда, депутаттардың заңнамалық бастама құқығын іске асыруына жәрдемдесу, егер заң жобасы мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, қаржылық-экономикалық есеп айырысуларды жүргізу, заң қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдарын әзірлеу, статистикалық деректер болған жағдайда оларды келтіру, сондай-ақ заң жобасын Мәжіліске енгізу үшін заңнамада талап етілетін басқа да материалдарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойлатын талаптар:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:
1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 2-11 маусым аралығында. Құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесі тізілімнің веб-порталында, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасынынң және кәсіпорынның интернет-ресурсында орналастырылады.