Басты бетОрал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер ба...

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер басталды

2025 жылғы 23 маусымда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы мәслихаттарының депутаттарына арналған екі күндік оқыту бағдарламасы басталды. Тренингтер ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, іс-шараға салалық сарапшылар да қатысуда.
Бұл шара Сенат пен мәслихаттар арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспары аясында өткізіліп отыр. Аталған жоспарға сәйкес, мәслихат депутаттары мен жергілікті өкілді органдар аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жылы ерекше назар аудандық деңгейдегі депутаттарға — жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі буынға — аударылып отыр.

2024 жылы осындай бағдарламалар 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды. Сол кезде екі мыңға жуық адам оқудан өтті, олардың 400-ден астамы оқуға тікелей қатысқан. Жаңа тренингтер сол табысты тәжірибені жалғастырып, оны аудандық мәслихаттарға дейін кеңейтуді көздейді.

Орал қаласындағы оқытудың алғашқы күні коммуникация, этика және заңнамалық сауаттылық тақырыптарына арналды. Спикерлер қатарында Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Батталова, Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының міндетін атқарушы Юрий Фенопетов болды.

Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлейменнің айтуынша, биылғы тренингтердің басты ерекшелігі — аудандық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен қызметкерлеріне басымдық берілуінде. Бағдарламада Қазақстан Республикасының мәслихаттар қызметін реттейтін негізгі заңдарына, соның ішінде бейбіт жиындарды ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы және әкімшілік рәсімдік үдерістерге ерекше назар аударылған. Оқыту интерактивті әдістерге негізделген, нақты жағдайларды талдау арқылы қатысушылар шешім қабылдау дағдыларын дамытып, өз міндеттерін тиімді атқаруға үйренеді.

Сондай-ақ, Парламентаризм институтының сарапшысы Меруерт Алиханқызы Қабылбаева баяндама жасап, Қоғамдық кеңестің халық пікірін ескеру үшін қандай іс-шаралар атқара алатынын, Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне өзекті мәселелерді қалай енгізуге болатынын және уәкілетті тұлғаларды шақыру тәртібін түсіндірді.