Басты бетАҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ АҚТАУДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Ақтауда Маңғыстау облысының мәслихат депутаттарына арналған екікүндік оқыту бағдарламасы басталды. Тренинг Парламентаризм институты мен Парламентаризмді дамыту қорының бастамасымен, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оған сондай-ақ салалық сарапшылар да қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарламаның мақсаты – тек теориялық білімдіжаңарту ғана емес, сонымен қатар депутаттарға бюджетпен жұмыс істеу, сайлаушылармен өзара байланыс орнату және жергілікті мәселелерді шешубойынша практикалық құралдар беру. Тренингке 46 қатысушы – облыстың бесауданынан және екі қаласынан келген мәслихатдепутаттары мен аппарат қызметкерлері тартылды.

Ресми ашылу рәсімінде Парламентаризмді дамытуқорының президенті Зауреш Батталова, Парламентаризм институтының директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен және ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов сөз сөйледі. Спикерлер жергілікті өкілдік органдардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттырудың ашықтық пентиімділікті қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды.

— «Тренингтің ерекшелігі – мәслихаттардыңқызметін реттейтін негізгі заңдарды егжей-тегжейлі талқылау болды. Атап айтқанда «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заң, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң, «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң, «Ақпарат құралдары туралы» Заң және Әкімшілікрәсімдік-процедуралық кодекс. Практикалық қолданурөлдік ойындар арқылы іске асырылатын болады; практикалық сабақтарда нақты кейстерқарастырылады», — деді Парламентаризм институтының директорының орынбасары Ләззат Сулеймен.

Екі күндік интенсив бағдарламасы интерактивті әдістерге негізделген. Депутаттар лекциялар тыңдап, топтық кейстерді талдап, рөлдік ойындарға қатысып, мәслихат сессиясының жұмысын имитациялады. Бірінші күн қатысушылардың коммуникациялық дағдыларын дамытуға арналды: сайлаушылармен тиімді байланыс орнату, ашықтықты арттыратын цифрлық құралдар және мемлекеттік қызметтегі этикалық стандарттар. Депутаттар дағдарыстық коммуникация сценарийлерін пысықтап, азаматтардың өтініштеріне жүйелі жауап беруді және мүдделер қақтығысының алдын алуды үйренді.

Бағдарламаның екінші бөлігі мәслихаттардың құқықтық базасын тереңдетуге арналды. Қатысушылар қолданыстағы заңнаманы талдап, азаматтардың шағымдарын қарады және инфрақұрылымды жақсартуға арналған ұсыныстар әзірледі. Әр топ өз шешімдерін көпшілікке ұсынып, талқылады.

Парламентаризм институтының сарапшысы Меруерт Қабылбаева баяндама жасап, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару институттарының Конституция мен салалық заңға сүйенетінін еске салды. Оның айтуынша, мәслихаттар жергілікті шешімдер қабылдап, бюджет пен даму жоспарларын бекітеді, ал әкімдікпен өзара іс-қимыл ашық әріқоғам тарапынан бақылануы тиіс. Тренинг қорытындысында әрбір депутатжұмысына енгізетін жеке өзгерістерін атап өтті жәнеқатысушы сертификатын алды.

Ұйымдастырушылар мұндай бағдарламалар халықпен өзара іс-қимылтетіктерін жетілдіруге, жергілікті басқару сапасын арттыруға және депутаттардың кәсіби деңгейіннығайтуға ықпал ететінін атап өтті. 2024 жылы осындай тренингтер елдің 17 облысымен республикалық маңызы бар үш қаласында өткізіліп, шамамен екі мың адам оқудан өтті, оның 400-ден астамы офлайн форматта қатысты.