Басты бетПарламентаризм институтында шекара маңы аймақтарын дамытуға қатысты заң жобасы талқыланды

Парламентаризм институтында шекара маңы аймақтарын дамытуға қатысты заң жобасы талқыланды

Парламентаризм институтында шекара маңы аймақтарын дамытуға қатысты заң жобасы талқыланды Парламентаризм институтында шекара маңы аймақтарын дамытуға қатысты заң жобасы талқыланды Парламентаризм институтында шекара маңы аймақтарын дамытуға қатысты заң жобасы талқыланды Парламентаризм институтында шекара маңы аймақтарын дамытуға қатысты заң жобасы талқыланды

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында «Шекара маңы аймақтарын дамыту туралы» заң жобасына ұсыныстарды талқылауға арналған жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесті Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан ашып, шекара маңы аймақтарын кешенді дамыту – елдің аумақтық тұтастығын, экономикалық қауіпсіздігін және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров, сондай-ақ ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс, сауда және интеграция, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ағарту, әділет, туризм және спорт, қаржы министрліктерінің жауапты өкілдері қатысты.

Олардың қатарында мемлекеттік саясатты іске асыруға тікелей қатысатын құрылымдық бөлімшелердің директорлары мен басқарма басшылары болды.

Кездесуде «Аманат» партиясының бастамасымен әзірленіп жатқан «Шекара маңы аймақтарын дамыту туралы» заң жобасы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар заң жобасының негізгі қағидаттары мен мақсаттарын айқындап, өңірлік теңгерімді қамтамасыз етуге, шекаралық аудандарды қолдау және дамытуға арналған жаңа тәсілдер мен құқықтық тетіктерді талдады.

Талқылау барысында мемлекеттік органдар өкілдері мен сарапшылар аймақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды жетілдіру, кәсіпкерлікті ынталандыру және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, шекара маңы аудандарының демографиялық және көші-қон саясатын жетілдіру, білім мен әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту, кеден және сауда процестерін жеңілдету бағыттары бойынша нақты ұсыныстар білдірілді.

Кеңес барысында қатысушылар мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру механизмдерін жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқару институттарының рөлін күшейту, сондай-ақ заңнаманы жүйелеу мен үйлестіру мәселелерін талқылады.

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Қаржы, салық және кеден заңнамасы орталығының жетекшісі Имин Абдувалиевич Сабиров сөз алып, шекара маңы аймақтарының дамуын ынталандыруда бюджеттік және салықтық жеңілдіктердің тиімді тетіктерін қарастыру қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын аймақтың нақты әлеуеті мен әлеуметтік инфрақұрылым деңгейіне бейімдеу маңызды екенін айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, Парламентаризм институтының атқарушы директоры Алмас Канатов заң жобасын жетілдіру барысында практикалық ұсыныстар мен ғылыми сараптама нәтижелерін бірлесе енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ол институт тарапынан шекара маңы өңірлердің дамуына қатысты заңнамалық мониторинг пен сараптамалық қолдау жалғасатынын жеткізді.

Жұмыс кеңесінің нәтижесінде қатысушылар ұсыныстарды жинақтап, оларды заң жобасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобына жолдау туралы шешім қабылдады.