Басты бет«Парламентаризм хабаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

«Парламентаризм хабаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

«Парламентаризм хабаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті «Парламентаризм хабаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті «Парламентаризм хабаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

Бүгін «Парламентаризм хабаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті. Бұл – конституциялық құқық, парламентаризм, заң шығару қызметі және мемлекеттік басқару салаларындағы зерттеулерді дамытуға бағытталған жаңа ғылыми алаң.

Аталған ғылыми журнал Қазақстан және шетелдік ғалымдарды біріктіруге, ғылыми білім алмасуға, сондай-ақ құқықтық ғылым мен заңнаманың өзекті мәселелерін талқылауға арналған платформа болып табылады. Журналдың іске қосылуы ғылыми әлеуетті нығайтуға, институционалдық мәртебені арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге маңызды үлес қосады.

Ғылыми журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Журналдың ресми сайты іске қосылды: https://vestnik-parlamentarizma.kz/. Ғылыми журнал жылына 4 рет шығарылады. Қазіргі уақытта алғашқы саны жарық көрді, екінші санға мақалалар қабылдау ашық. Кең ауқымды халықаралық аудитория үшін қолжетімділікті қамтамасыз ететін толыққанды үштілді сайт жұмыс істейді.

Ресми сайтта мақалаларға қойылатын талаптар, редакциялық саясат, рецензиялау тәртібі, редакциялық алқа құрамы, сондай-ақ тіркеу құжаттары орналастырылған.

«Парламентаризм хабаршысы» ғылыми журналы ынтымақтастыққа ашық және отандық әрі шетелдік ғалымдарды ғылыми мақалаларын жариялауға шақырады.