Басты бет › Парламентаризм Институтында қызметтік әдеп және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Парламентаризм Институтында қызметтік әдеп және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Парламентаризм Институтында қызметтік әдеп және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды Парламентаризм Институтында қызметтік әдеп және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

2026 жылғы 18 қарашада Парламентаризм Институтында қызметкерлердің қатысуымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, корпоративтік мәдениетті нығайту және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.

Кездесу барысында қызметтік мінез-құлықтың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, мінсіз іскерлік беделді сақтауға және мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімге нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Қызметтік әдеп пен корпоративтік мәдениет мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл, Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұртай Иманғалиев баяндама жасады.

Сондай-ақ семинар аясында «Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіби күйзеліске ұшырау себептері, белгілері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында дәріс оқылды. Шақырылған сарапшы – психология ғылымдарының кандидаты, отставкадағы аға әділет кеңесшісі, «Астана» университетінің кафедра меңгерушісі Замзагүл Шахарбаева кәсіби күйзеліске әкелетін негізгі факторлар, оның белгілері мен алдын алу тәсілдері туралы баяндады.

Бұдан бөлек, қызметкерлерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Өткізілген семинар қызметтік әдеп пен қызметкерлердің психологиялық әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шара Парламентаризм Институтында корпоративтік мәдениетті нығайтуға және салауатты жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталды.