Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

Ағымдағы жылдың басынан бастап Парламентаризм институтының сарапшылары мәнді әлеуметтік-маңызды тақырыптарды қозғайтын екі ғылыми-практикалық мақала жариялады:

Мәселен, «Төтенше жағдайындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемасына (заң шығарушылық кликбейт)» («Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының ғалымдары еңбектері» ғылыми мерзімді басылымы) атындағы мақаласында «ғылыми афиша» ретінде төтенше кез жағдайындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері көтерілді.

Отандық заңнаманы «әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыстық жағдай» деген жаңа тезаурусымен толықтыруды ескере отырып, автор заңнамалық реттеудің нысандары мен мазмұнын зерттеді. Сөз Қазақстан Республикасының салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, валюта заңнамасының 14 саласы, бәсекелестікті қорғау саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларындағы, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері, халықаралық міндеттемелерді іске асыру бойынша салалар туралы қозғалған.

Парламент Мәжілісі мен Сенатының жаңа құрамы төтенше жағдай кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы өзектендіру жөніндегі заң шығару жұмысын жалғастыруы қажет.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа (ескі) институт» ғылыми мақаласында («Қазақстан Республикасының орнықты дамуын құқықтық қамтамасыз ету: ұлттық басымдықтар және халықаралық стандарттар» ХҒПК материалдары) автор қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны, арнайы ғылыми әдебиеттерді және құқық қолдану практикасын талдай отырып, заң шығарушылық тәжірибені әртараптандырып,:

- омбудсменнің конституциялық мәртебесін іс жүзінде толық іске асыру үшін барлық құқықтық мүмкіндіктер іске асырылды ма?

- Конституциялық заңмен «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тәуелсіздігін, ресурстары мен мүмкіндіктерін оның Париж қағидаттарына толық сәйкес жұмыс істеуі үшін күшейту» талаптары қамтамасыз етілген бе?

- заң шығарушы азаматтардың қолданыстағы құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірместен омбудсмен институтын («венециялық қағидаттар») қорғау және ілгерілету қағидаттарын ұлттық заңнамаға енгізе алды ма? – деген сұрақтарға жауаптар береді.

P.S. Мақалалардың толық мәтінімен Парламентаризм институтының ресми сайтының «Ғылым» бөлімінде танысуға болады.