Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ: ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАУДЫ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ: ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ:  ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ:  ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ:  ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы пысықтауды талап етеді. Бұл туралы Парламентаризм институтының қоғамдық заңнама және мемлекеттік басқару орталығы дайындаған аналитикалық жазбада айтылған.

Заң жобасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі электр скутерлерінің жүргізушілерін жолдың жүріс бөлігінің құқықтық жиегі бойынша, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ бойынша қозғалысқа:

- он сегіз жастан бастап;

- кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі болған жағдайда;

- бекітілген дулығамен;

- тәуліктің қараңғы уақытында ЖҚЕ сәйкес келетін шағылыстыратын заттармен жіберу туралы шешім қабылдады.

18 жасқа дейінгі электр скутерлерінің жүргізушілеріне велосипед жолымен, велосипед жолағымен, ал олар болмаған кезде жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірмей, тротуардың немесе жаяу жүргіншілер жолының оң жағымен 6 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, түзетулермен тротуарлар мен электр скутерлермен, электр велосипедтермен және басқа да ӨЭСЖ (мобильдік экологиялық таза көлік құралдарымен, оның ішінде монокодөңгелектермен, гироскутерлермен және басқалармен) жүруге рұқсат етіледі, алайда электр велосипедтердің жылдамдығы бойынша шектеулер енгізілмейді. Аналитикалық жазбада – «Олар айналасындағыларға және пайдаланушының өзіне электр скутерлерінен кем емес қауіп төндірсе де» - делінген.

Заң әзірлеушілері тротуарларда электр скутерлерінің қозғалысын шектеудің балама нұсқаларын ұсынған жоқ, деп атап өтті Парламентаризм институты. Мысалы, пирингтік компаниялар мен жалға алушыларға электр скутерлерінің жылдамдығын шектеуге және ЖҚЕ мен үлгілік қағидаларды қасақана бұзушыларға мониторинг жүргізуге қойылатын талаптар болуы мүмкін.

Бұдан басқа, шерингтік компаниялар үшін қағидаларда электр скутерлерді жалға беру шарттары туралы; кәмелетке толмағандар жалға алған жағдайларда ата-аналардың жауапкершілігі туралы; қалдырылған көлік құралдарының базасына уақтылы оралу туралы; электр скутерлердің жүргізушілерін сәйкестендіруді қамтамасыз ету туралы; жылдамдық режимінен асып кеткен кезде электр скутерлердің дыбыстық және жарық сигналдарын беруін қамтамасыз ету туралы; жаңбырлы ауа-райында электр скутерлерін жалға алуды шектеу туралы.

Заң жобасында жүргізуші куәліктерін, техникалық паспорттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізу ұсынылатыны да маңызды.

Бұл ұсыныс, аналитикалық жазба авторларының пікірінше, бәсекелестікті дамытуға және монополистік қызметті шектеуге бағытталған мемлекеттің саясатына сәйкес келмейді, сондықтан мұқият талдауды қажет етеді.

Осылайша, ұсынылған редакцияда жүргізушілерге қағидаларды елемеуге және бұзуға мүмкіндік беретін заңды «олқылықтар» анықталды, бұл жол бойында жарақат алу қаупін арттырады. Жалпы, қарастырылып отырған түзетулер жұртшылықпен кеңінен талқылауды талап етеді, деп қорытындылады Парламентаризм институтының сарапшылары.

Аналитикалық жазбаның толық мәтінімен мына жерден танысуға болады (құжатқа сілтеме).