2023 жылғы 22 тамызда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының алаңында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына түзетулерді онлайн-талқылау өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасау оқиғаларына назар аудара отырып, Үкіметтің сәуір айындағы кеңейтілген отырысында қараусыз қалған жануарлар мәселесін көтерді.
«Біз жануарларға қамқорлық жасауымыз керек, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға деген агрессиясына жол бермеуіміз керек», - деді Президент.
Заң жобасына Мәжіліс депутаттары қаңғыбас жануарлар санын реттеудің нәтижелілігін арттыру және жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін ілгерілету мақсатында бастамашылық жасады.
Талқылауға 60-тан астам адам қатысты, олардың арасында ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, зооқорғаушылар, ветеринарлар және басқа да сарапшылар болды.
Қаралып отырған заң жобасы:
- ветеринария саласындағы уәкілетті органға жануарлармен жауапты қарым-қатынас жөніндегі функцияларды бекіту;
- жануарларды қатыгездіктен қорғау шаралары;
- жануарларды есепке алудың бірыңғай электрондық базасын орталықтандыру және уәкілетті органға жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды жүзеге асыру бойынша құзырет беру;
- қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлардың агрессиясы, олардың үйірге жиналу оқиғаларына ит аулау қызметін тарта отырып, шұғыл ден қою шаралары.
- жануарларды күтіп-ұстау бойынша жалпы талаптарды нақтылау;
- қаңғыбас және қараусыз қалған жануарларды жансыздандыру тәртібін нақтылау;
- қаңғыбас жануарлардың санын реттеу тәртібін нақтылау мәслелерін реттеуге бағытталған.
Жұмыс кеңесі барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жолдас Батырхан, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким, «Зоология институты» РМК биоценология және аң аулау зертханасының меңгерушісі Константин Плахов, «Зоология институты» РМК ғылыми қызметкері Анна Хамчукова, «АЯКС» Кинологиялық орталығының жетекшісі, халықаралық санаттағы сарапшы Татьяна Әлімжанова, ІNUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығы ЗТБ басшысы Лилия Сәрсенова, қоғам қайраткері Сергей Головенко және басқа да сарапшылар ұсыныстарын берді.
Жұмыс кеңесіне қатысушылар келесі сұрақтарға:
- қаңғыбас жануарларға арналған оңалту орталықтарын құру;
- елді мекеннің қала құрылысы жоспарында жануарларды серуендетуге арналған алаңдарды орналастыруды көздеу қажеттілігі;
– жергілікті жерге қалалық немесе ауылдық болуына байланысты осы қызметті реттеу кезінде аймақтық сараланған тәсілді қолдану;
- үй жануарларын тіркеу және сәйкестендіру тәртібін жетілдіру;
- заңға «жабайы жануар», «көше кезген жануар» және «үй жануарлары» ұғымдарының анықтамасын енгізу;
- қауіпті жануарларды ұстау мен өсіруді лицензиялауды енгізу;
- қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлардың санын реттеуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысу қажеттілігіне ерекше назар аударды;
Талқылау барысында сарапшылар келесі сараптамалық кеңесте 28 тамызда сағат 15.30-да егжей-тегжейлі қаралатын ұсыныстар мен ескертулермен бөлісті.
Парламентаризм институты барлық ниет білдірушілерді «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнама нормаларын баптар бойынша талқылауға шақырады.
Заң жобасы бойынша ұсыныстарды кеңес басталғанға дейін салыстырмалы кесте түрінде argynbekov@umto.kz электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз.