Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тетіктерін құру бағытын ұстануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық пен адалдық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою – бұл біздің еліміздің негізгі басымдықтары. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңестерде бірнеше рет айтқан болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Парламентаризм институты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жұмыс істеуде.
Осы Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде тараптар бір-біріне өзара көмек көрсетуді және құқықтық, талдамалық, ғылыми, статистикалық сипаттағы ақпарат алмасуға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде біздің сындарлы әріптестігімізді нығайту Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі негізгі шаралардың бірі болып табылады.