Басты бетКҮН ТӘРТІБІНДЕ – АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

2021 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Парламентаризм институты «Агроөнеркәсіптік кешендегі проблемалық мәселелер» тақырыбында офлайн/онлайн форматында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ), Дүниежүзілік Банктің, қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің және басқа да мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны Парламентаризм институтының директоры М. М. Махамбетов ашты. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, экономиканың маңызды секторларының бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды рөлін атап өтті. Іс-шараның ерекше маңыздылығын атап өткен ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.С. Сапаров, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР ҰҒА вице-президенті Т. И. Есполов құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, Аграрлық мәселелер Комитетінің хатшысы Б. С. Оспановтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Б.М. Сартбаевтың, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы А. Г. Прашев, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Г. С. Исаеваның, Мал шаруашылығы және биоресурстар ғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Б. М. Махатовтың, БҰҰДБ сарапшылары С. Байшолановтың, Д. Лидің және т. б.баяндамалары тыңдалды.

Көтерілген өзекті мәселелердің қатарында:

-көтерме-тарату орталықтарының (КТО)қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу қажеттілігі;

- агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру тиімділігін арттыру үшін елеулі резервтердің болуы;

- кредиттеудің нысаналы бағыттарының пысықталмауы, олардың АӨК субъектілерінің бірінші кезектегі мұқтаждықтарына бағдарланбауы;

- ЖАО-ның іске асырылып жатқан жобаларға әлсіз мониторингі және т. б.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға жолдау жоспарланып отырған ұсынымдар әзірленетін болады.