Басты бет«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОФЛАЙН/ОНЛАЙН ФОРМАТЫН...

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОФЛАЙН/ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2021 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында Парламентаризм институты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру» тақырыбында офлайн/онлайн форматында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, «Nur Otan» партиясының орталық аппаратының, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ), «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының, үкіметтік емес және қоғамдық, ғылыми-зерттеу мекемелері мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы кең талқылауға шығарылды, оны Парламентаризм институты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп бастамашылық етті. Талқылау барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу бойынша қолданыстағы заңнамасындағы олқылықтарды, коллизиялар мен қайшылықтарды жою бойынша бірқатар түзетулерді атап өтті.

Іс-шараның модераторы ретінде Парламентаризм институтының директоры М.М. Махамбетов сөз сөйледі. Ол дөңгелек үстелдің міндеті азаматтардың барлық сұраныстарына жедел және тиімді жауап беруі тиіс «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болып табылатынын атап өтті.

 Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша жоғарыда аталған заң жобасын одан әрі ілгерілету үшін ұсынымдар әзірленетін болады.