2021 жылғы 30 маусымда Парламентаризм институтының өкілдері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысына қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мәселелері жөніндегі заң жобаларына бастамашылық жасады, олар қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде.
Отырыста жұмыстың мынадай бағыттарын көздейтін Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарының іс-шаралары талқыланды: БҰҰ шарттық органдарымен және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру; адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету; мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары; әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою; бірлесу бостандығы құқығы; пікір білдіру бостандығы құқығы; адамның өмір сүру құқығы және қоғамдық тәртіп; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру; қылмыстық сот төрелігі саласындағы адам құқықтары және т.б.