2022 жылғы 16 мамырда Парламентаризм институтының қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама, қылмыстық-атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама, заң көмегі туралы заңнама бөлімінің бастығы Б.М. Бейісов Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысына қатысты.
Отырыс аясында Бас прокуратура әзірлеушісі болып табылатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) талқыланды.
Талқылау барысында, Б.М. Бейісовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 құқықтық саясат Тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) 4.10-тармағына сәйкес қылмыстық заңнаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасын бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру қажет.
Алайда, заң жобасын талдау ұсынылған түзетулермен қылмыстық заңнаманы оңтайландыру жөніндегі тұжырымдама талаптары іске асырылмайтынын, яғни қылмыстық заңнаманы оңтайландыруға мүмкіндік беретін нақты нормалар ұсынылмайтынын көрсетті, (қылмыстық құқық бұзушылықтар мен жазаларды қысқарту және т.б.), бұл қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне түзету жүргізуге мүмкіндік берер еді, ал сайып келгенде, жеке адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің криминалдық қатерлерден қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.
Заң жобасында қылмыс және қылмыстық теріс қылықтар ұғымдары түзетіледі, онша ауыр емес қылмыстарға және теріс қылықтарға оқталғаны үшін жауапкершілік енгізіледі, санкцияларда ҚК-нің Ерекше бөлігінің бабы болмаған кезде мүлікті тәркілеу мүмкіндігі белгіленеді және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде Қылмыстық кодексінің 110, 190, 208, 217, 221, 234 баптары бойынша бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық күшейтіледі және т.б., жазаларды орындау тәртібі саласында бірқатар жаңа құрамдар енгізілуде. Қылмыстық-процестік заңнамасында негізгі новеллалар барлық дерлік санкцияларды (қамауда ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасынан басқа) және тергеу судьясының прокурорға жасырын тергеу әрекеттерін қайтару болды, олар 2018 жылы қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды арттыру мақсатында прокурордан сотқа берілді. Сондай-ақ, адвокаттың жаңа процестік құжаты – қорғау актісі, мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру кезінде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау тәртібі енгізіледі.
Жоғарыда айтылғандай, ұсынылған новеллалар қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелерін шешпейді, тұтастай алғанда қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге және прокурордың сотқа дейінгі тергеуге қатысуына бағытталған.
Тұжырымдаманың 4.10-тармағының талаптарын іске асыру үшін Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін тиісті түзетумен қылмыстық теріс қылықтарды әкімшілік заңнамаға және онша ауыр емес қылмыстарға қайтару туралы мәселені қарау қажет (құқық қолданушылар, ғалымдар және депутаттар бұл туралы бұрыннан айтып келеді), бұл адамдарды бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен соттау кезінде (сотталушының, прокурордың және қорғаушының қатысуынсыз соттайды) Конституцияны бұзу фактілерін жоюға және қамау сияқты жаза түрін қолдану мәселелерін шешуге (ҚК-нің 45-бабын қолдану 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады) мүмкіндік береді, оның орындалуы 2015 жылдан бастап ұзартылуда.