2021 жылғы 26 тамызда Ұлттық академиялық кітапхананың Конституция залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымастығының символы және кепілі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті, онда Парламентаризм институтының директоры М. Махамбетов сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі В.А. Малиновский, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры З.Қ. Шаукенова, ғылыми-талдамалық құрылымдарының, еліміздің жоғары оқу орындарының басшылары мен жетекші сарапшылары, сондай-ақ шетелдік сарапшылар онлайн форматында қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы конституциялық құрылыстың өзекті мәселелерін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеялық шабыттандырушы және Қазақстан Республикасы Конституциясының авторы ретінде мемлекетіміздің берік құқықтық негізін құрудағы үлесін, ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың еліміздің Ата Заңының мызғымастығының кепілі ретіндегі жетекші рөлін талқылады.
Іс-шара аясында Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты басып шығаруға дайындаған «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» кітабының тұсаукесері өтті.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары мен қатысушылары Президент Қ.К. Тоқаевтың қоғамның прогрессивті күштерін, еліміздің барлық азаматтарын біріктіруге бағытталған реформаторлық саясатының мәнін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігіне сенімді.