Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ӘЗІРЛЕГЕН ЖОЛ ЖҮРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Парламентаризм институты Жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысын ұйымдастырды. Онлайн-режимде өткен отырысқа Мәжіліс депутаттары Е. Смышляева мен Ю. Кучинская, мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жұмыс барысында «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Ұлттық операторға берілетін объектілердің тізбесін кеңейтуге және олардың осы саладағы құзыреттерін кеңейтуге, сондай-ақ ақылы автомобиль жолына кірген сәттен бастап Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақы алудың ашық жүйесін енгізуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін түзетулер талқыланды.

Түзетулердің екінші блогы «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған. Бұл блок шағын электр көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік көлік құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асыру мәселелерін қозғайды.

Ұсынылып отырған түзетулер Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.