Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ӘЗІРЛЕГЕН ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ

2021 жылғы 13 қыркүйекте Парламентаризм институты онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. Смышляеваның, Ю.Кучинскаяның, мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қарау бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді.

Жұмыс барысында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Білім туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Кинематография туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін түзетулер талқыланды.

Ұсынылып отырған түзетулер Қазақстан Республикасында жастардың патриоттық тәрбиесін дамытуға, өз еліне деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға, оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылуға және оны қорғауға дайындыққа, оның тағдырына қатыстылығына, оның жай-күйі мен дамуы үшін жауапкершілікке ықпал етеді.