Басты бет«МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ: РЕТТЕУ ЖӘНЕ СОТ ПРАКТИКАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ: РЕТТЕУ ЖӘНЕ СОТ ПРАКТИКАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ: РЕТТЕУ ЖӘНЕ СОТ ПРАКТИКАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылғы 28 қазанда Парламентаризм институтының директоры М. Махамбетов Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Астана медициналық университеті» КЕАҚ Новосибир мемлекеттік экономика және басқару университетімен, Волжск экономика, педагогика және құқық институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Медицина және құқық: реттеу және сот практикасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйледі.

Конференцияның мақсаты ғылыми ізденіс, пікір алмасу және адамның басты құндылықтары – әрқашан қоғамның басты назарында тұрған оның өмірі мен денсаулығын құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін ұжымдық талқылау болып табылады. Аталған іс-шара денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, медициналық көмек көрсету және медициналық қызметтер көрсету туралы істер бойынша сот практикасы мәселелерін талқылау және пікір алмасу үшін диалог алаңына айналды.