Басты бетАСТЫҚ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

АСТЫҚ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

АСТЫҚ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ АСТЫҚ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында «қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру. Ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін мұқият қарауымыз қажет...Агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Оны жаңарту керек» - деп атап өткен.

Берілген тапсырмалар шеңберінде Парламентаризм институты Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамалық актілеріне талдау жүргізді.

Астық нарығын мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдері мен тетіктерін әзірлеу және іске асыру мақсатында Парламентаризм институтының мамандары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Заң жобасы Қазақстанның астық нарығына қатысушылар қызметінің цифрлық және технологиялық жетілуін ескере отырып, бірқатар новеллаларды, атап айтқанда:

- астықтың қолда бары және қозғалысы  туралы ақпаратты қалыптастыру, оның ішінде астықты цифрлық есепке алу құралы ретінде астық токендерін енгізу арқылы астықты қадағалау жүйесі бойынша сапасын көздейтін мәселелерін;

- астықты лицензияланбаған АҚК арқылы сыртқы нарықтарға жөнелтуге тыйым салуды көздейді.

Заң жобасы астық нарығын мемлекеттік реттеудің қағидаттары мен міндеттеріне бағдарланған астық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тәсілдерін айқындайтынын, сондай-ақ ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және экспорт көлемін кеңейту үшін қажетті астық өндірісінің деңгейін ұстап тұру және дамыту үшін құқықтық негізді дамытуға бағытталған нормаларды көздейтінін атап өткен жөн.

Астық нарығын мемлекеттік реттеу жүйесіне жаңа ұғымдарды нақтылайтын немесе енгізетін ұғымдық аппаратты жетілдіру де өзекті болып табылады, бұл астық нарығын мемлекеттік басқаруды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Заң жобасын қабылдау астық нарығын дамыту және астықтың саны мен сапасын сақтауға ықпал ететін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға және халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына оң әсер ететін болады.

Ескертпе: Құрметті достар, сіздің астық нарығын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға: Akhmetov_Kenzhaly@umto.kz, сондай-ақ Парламентаризм институтының instparlam.umto.kz ресми сайтындағы «Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар» бөліміне жібере аласыз.