Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫ КЕҢЕЙТУДЕ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫ КЕҢЕЙТУДЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫ КЕҢЕЙТУДЕ

2021 жылғы 22 қарашада Парламентаризм институты мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі арасында заң жобалау және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Қол қойылған Меморандум шеңберінде тараптар заң ғылымы мен практикасының, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың, қылмысқа қарсы күрестің өзекті проблемалары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізу саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға уағдаласты.

Сондай-ақ, тараптар заң ғылымы мен практикасының өзекті мәселелері бойынша өзара консультация беруді, құқық қолдану практикасы және заңнамалық реттеу мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында бірлескен авторлық ұжымдар құруды басым міндеттер деп айқындады.