Басты бетВАК-ТА ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ТОПТАМАСЫ ҚАРАЛДЫ

ВАК-ТА ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ТОПТАМАСЫ ҚАРАЛДЫ

2022 жылғы 4 ақпанда Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында Парламентаризм институты мамандарының қатысуымен Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірлеген цифрлық активтер мәселелері бойынша заң жобалары топтамасы қаралды.

Заң жобалары цифрлық активтерді шығару, орналастыру және олардың айналымы процесінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ цифрлық активтер нарығы субъектілерінің қызметін реттеуге бағытталған.

Салық кодексіне ұсынылған новеллалардың бірі - тұтынылған электр энергиясының көлеміне қарай салықтар төлейтін нақты лицензияланған дата-орталықтарды (цифрлық майнингке арналған жабдықты өзінде орналастыратын мамандандырылған дата-орталықтар) квоталауды енгізу болып табылады.

**************************************************************************

P. S. Цифрлық активтерді реттеу саласындағы заңнаманы жақсарту жөніндегі ұсыныстарды "Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар" бөлімінде қалдыруға болады