Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ –...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРАКТИК-ЗАҢГЕРЛЕРІНІҢ ПІКІРІ

2022 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалау және жазаларды орындау саласындағы адам құқықтары туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді, оның жұмысына Парламентаризм институтының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, қылмыстық-атқару өндірісі туралы заңнама, заң көмегі туралы заңнама бөлімінің бастығы Б.Беисов қатысты.

Қаралып отырған тақырыпты талқылау аясында Парламентаризм институты қылмыстық процесте мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеуге қатысты жеке меншік құқығын қорғау тетіктерінің өзекті және проблемалық мәселелерін көтерді.

Атап айтқанда, Парламентаризм институтының мамандары алдын-ала жүргізген талдау нәтижелеріне негізделген осы саладағы қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

Мәселен, тәркіленген мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру туралы шешім қабылдағанға дейін сот ісін жүргізу шеңберінде осы мүліктің жәбірленушісіне залалды өтеу, сол арқылы, бірінші кезекте, азаматтардың жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету ұсынылады.

Сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде күдіктінің кінәсін мойындаған кезде жәбірленушінің тәркіленуге жататын мүлікке залалды өтеу туралы тергеу судьясына өтінішхатпен жүгіну құқығын көздеу ұсынылады.

Жәбірленушінің үкім шығарылғанға дейін залалды өтеу туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын мынадай жағдайларда көздеу ұсынылады:

- күдікті / айыпталушы халықаралық іздеу жарияланған кезде;

- не рақымшылық жасау актісі салдарынан оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды;

- не қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі аяқталды;

- не күдікті/айыпталушы қайтыс болған жағдайда (үкім шығарылғанға дейін тәркілеу сияқты, ҚІЖК-нің 71-тарауы).

Талқылау аясында Парламентаризм институты тараптардың бәсекелестігі мен теңдігін арттыру туралы заң жобасын әзірлегені атап өтілді, оны қабылдау қылмыстық процеске қатысушылар құқықтарының қорғалуын арттыруға және соттың айыптау үкімін төмендетуге мүмкіндік береді.