Басты бетЕРТЕ ҚОЛҒА АЛУ ИНСТИТУТЫ АЯСЫНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ЕРТЕ ҚОЛҒА АЛУ ИНСТИТУТЫ АЯСЫНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ЕРТЕ ҚОЛҒА АЛУ ИНСТИТУТЫ АЯСЫНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕРТЕ ҚОЛҒА АЛУ ИНСТИТУТЫ АЯСЫНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Қолданыстағы отандық және шетелдік заңнаманы, сондай-ақ құқық қолдану практикасын зерделеу негізінде ерте қолға алу институтын одан әрі қалыптастыру және дамыту саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру мақсатында Парламентаризм институтының мамандары ерте қолға алу институты шеңберінде отбасын қолдау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне талдау жүргізді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ерте қолға алу институтын дамыту қажеттілігі Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерімен және басқа да халықаралық құқықтық актілермен негізделген. Оларда мүгедек балалар, тіршілік әрекеті шектелген балалар, сондай-ақ әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар үшін мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, өмір сүру үшін қолайлы орта құру атап өтіледі.

Талдау нәтижелері мынаны көрсетті:

1. Ерте қолға алу институтын дамыту үшін бүгінгі күні жеткілікті құқықтық негіз жасалмаған. Осыған байланысты халықаралық тәжірибені бейімдеу негізінде нормативтік құқықтық актілер кешенін қабылдау қажет. Ерте қолға алуды қалыптастырудың және оған мұқтаж балалар мен олардың отбасыларын сүйемелдеудің, сондай-ақ республикалық және өңірлік деңгейлерде осы мәселелер бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетігін айқындаудың бірыңғай тәсілін әзірлеу өзекті болып табылады. Осылайша, Қазақстанда ерте араласу институтын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және енгізу ұсынылады.

2. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында медициналық персоналдың ментальді бұзушылыққа күдігі бар баласы туған кезде әйелге (туыстарына) дұрыс қарым-қатынас жасау мәселелерін шешу қажет. Осыған байланысты, АҚШ пен Ресей Федерациясына ұқсас психикалық бұзылулары бар баланың (балалардың) тууы кезінде диагнозды жариялау хаттамасын әзірлеп, қабылдаған дұрыс деп санаймыз.

3. Бейімделуді ұйымдастыру және 3 жастан кейінгі балаларды қоғам өміріне енгізу үшін Қазақстан Республикасында 8 жасқа дейін қажетті көлемде ерте қолға алу қызметтерін көрсетуді жалғастыру мүмкіндігін қарастыруға болады.

4. Ерте қолға алу бағдарламаларымен қамтылған ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар, әсіресе, өздеріне таныс тәрбиешілерден қол үзбей, өздері ерте жастан тәрбиеленген жетім балаларға арналған сол білім беру ұйымы жағдайында оларды тәрбиелеуді жалғастыруды қажет етеді. Бұдан басқа, олар осал болып табылатындықтан, оларға қатысты мектеп жасына жеткенге дейінгі кезеңде кешенді абилитациялау бағдарламаларын жүргізу де талап етіледі. Осыған байланысты мұндай балаларды оңалту бағдарламаларын 0-ден 7 жасқа дейін тарату арқылы қайта қарауды ұсынамыз.

P/S Құрметті достар! Ерте қолға алу институтын дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға instparlam@umto.kz, сондай-ақ Парламентаризм институтының instparlam.umto.kz ресми сайтындағы "Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар" бөліміне жібере аласыз.