Парламентаризм институтының қызметі басталғаннан бері мынадай жұмыстар жүргізілді:
Депутаттармен бірлесіп 20 заң жобасы әзірленді, оның ішінде бүгінгі таңда 5 заң жобасын Парламент Мәжілісі жұмысқа қабылдады (мысалы, атқарушылық іс жүргізу саласындағы проблемалық міндеттерді шешуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы). Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысында 9 заң жобасы бар; алдын ала келісуге, одан әрі бастамашылық ету үшін Парламент Палаталарының бейінді комитеттеріне 6 заң жобасы жолданды. Парламент Палаталарының депутаттарымен бірлесіп 8 заң жобасы әзірлену үстінде.
Парламентаризм институты қолданыстағы заңнамаға 7 бағыт (мемлекеттік жастар саясаты; ғылым; қылмыстардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу; ақпараттық қауіпсіздік (теріс ақпараттық контентке қарсы іс-қимыл: буллинг, балалар порнографиясы және т.б.); цифрлық активтер; интернаттан кейінгі сүйемелдеу; генетикалық түрлендірілген организмдер (ГМО) бойынша талдау жүргізді. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тиісті заң жобалары әзірленетін болады.
Парламентаризм институты Парламент Мәжілісіне 4 заң жобасына, оның ішінде бала құқықтарын қорғау; бюджет заңнамасын жетілдіру; өнеркәсіптік саясат мәселелері; көлік мәселелері бойынша салыстырмалы кестелері бар негізделген ақпараттық хаттар енгізді.
Отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарды жүзеге асыру мақсатында Парламентаризм институты ынтымақтастық туралы 5 Меморандумға қол қойды.
Институт қызметін ақпараттық сүйемелдеуді орындау аясында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми конференциялар жинақтарында, ғылыми журналдарда және т.б. 28 мақала жарияланды. Институттың әлеуметтік желілердегі парақшасында және ресми сайтында қызмет туралы ақпарат үнемі жарияланып тұрады.
Бүгінгі таңда Парламентаризм институты депутаттық корпустың заң шығару бастамасы құқығын іске асыруына жәрдемдесу бойынша қойылған міндеттерді орындау шеңберінде толыққанды, толық көлемде жұмыс істейді.