2022 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, оны әзірлеуге Парламентаризм институтының сарапшылар тобы да қатысты.
Жұмыс тобының аясында жылу беру маусымында мәжбүрлеп шығарудың проблемалық мәселелері және атқарушылық іс жүргізу саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
P.S. Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды Парламентаризм институтының instparlam@umto.kz электронды поштасына жіберуге болады.