Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ҚАТЫСАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ҚАТЫСАДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ҚАТЫСАДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ҚАТЫСАДЫ

Аграрлық мәселелер комитеті 2023 жылғы 6 қарашада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің базасында ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Іс-шара аясында жануарлардың жұқпалы ауруларын зерттеу және диагностикалау мақсатында құрылған биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бірлескен Қазақстан-Қытай зертханасына, сондай-ақ балық шаруашылығы саласындағы қолданбалы зерттеулерді дамыту жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының атқарылған жұмысымен таныстырылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.

Парламентаризм институты Парламент Мәжілісімен өзара іс-қимыл жоспары аясында мүдделі мемлекеттік органдармен және ғылыми сарапшылармен бірлесе отырып, ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтердің жұмыс сапасын арттыру бойынша заңнамалық бастамаларды дайындауға белсене атсалысатын болады.