Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу ерекше бақылауда болуы тиіс екенін атап өтті.
Парламентаризм институты педофилия үшін жазасын өтеушілер, оның ішінде химиялық кастрацияға ұшыраған қылмыскерлер жасаған қайталама қылмыстар мәселесі бойынша талдау жүргізді.
Талдау нәтижелері бойынша, Қазақстан заңдары өз азаматтарын зорлық-зомбылық қылмыстарынан қорғауды қамтамасыз етеді, ал балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік айтарлықтай қатал болып табылады.
Жас балаларға қарсы барлық жыныстық қылмыстар аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, олар үшін он екі жылдан астам жаза не өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген.
Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазасын өтеген адамдарды сотталғанын жою мерзіміне дейін әкімшілік қадағалау мерзімі ұзартылды (ауыр қылмыстар үшін – 6 жыл, аса ауыр қылмыстар үшін-8 жыл).
Соңғы 3 жылда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар бойынша бұрын сотталған адамдардың қайталап жасаған фактілері болған жоқ.
Жазалардың жаңа тәсілдерінің жиынтығында-20 жыл бас бостандығынан айыру немесе босатылғаннан кейін әкімшілік қадағалау мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайта отырып, өмір бойы бас бостандығынан айыру, 20 жыл және 8 жыл әкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыру тағайындалған кезде сотталған адам іс жүзінде мемлекеттік органдардың бақылауында 28 жыл болады.
Сонымен қатар, химиялық кастрация арнайы комиссия психикалық ауытқуды дәлелдеген жағдайда ғана қолданылады. Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасаған адамдарды міндетті химиялық кастрациялау туралы мәселе, сотталушының психикалық жай-күйі туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына қарамастан (есі дұрыс, есі дұрыс еместігі, психикада ауытқушылықтың болуы немесе болмауы және т.б.) даулы болып табылады және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларынан жазаға ауыстыру тұрғысынан ғана қаралуға жатады.
Химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау кезінде сот қателерін болдырмау мақсатында, Парламентаризм институты талданып отырған тақырып бойынша
ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының мазмұнын жетілдіруге шаралар қабылдауды ұсынады.
Химиялық кастрацияны қолдану туралы мәселе бөлігінде Нормативтік қаулының ұсынылып отырған жобалық редакциясы:
«Химиялық кастрацияны тағайындау туралы мәселені шешу кезінде соттар іс материалдарындағы сот-психиатриялық сараптамалардың (сексологиялық-психиатриялық) қорытындыларын басшылыққа алып қана қоймай, сондай-ақ сотта сарапшылардың қорытындыларын тікелей тыңдап, қажет болған жағдайда қосымша сараптамалар, оның ішінде комиссиялық сараптамалар жүргізуге тиіс.
Соттар сотталушының (сотталған адамның) психикалық ауытқулары және жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігі, яғни сотталушының (сотталған адамның) кәмелетке толмаған адаммен (жас баламен) сексуалдық-денсаулыққа зиянсыз құмарлығының (тартымының) болуы, сондай-ақ айналасындағыларға (балаларға) қауіптілігі анық белгіленген кезде химиялық кастрацияны тағайындауға тиіс. Мұндай белгілер болмаған кезде химиялық кастрация жасалмайды».