2023 жылғы 9 қарашада ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының алаңында онлайн-режимде Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне норма шығарудың және заңнаманы жетілдірудің проблемалық мәселелері талқыланды. Сараптамалық кеңестің мүшелері норма шығарудың құқықтық регламенттеу деңгейлері арасындағы теңгерім, заң жобалау жұмысының ғылыми негізділік дәрежесін арттыру, оның ішінде заң жобаларын әзірлеуге мамандарды, ғылыми ұжымдар мен жекелеген сарапшыларды тарту арқылы, сондай-ақ жұртшылықтың, сарапшылардың, мүдделі тұлғалардың заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, сараптамаға және талқылауға қатысуының жаңа нысандарын енгізу сияқты аспектілеріне көзқарастарымен және бағалауларымен бөлісті.
Парламентаризм институтының Сараптамалық кеңесі 2023 жылдың сәуірінде құрылды. Бұл консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеттері заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру үшін консультациялық көмек көрсету, Парламент депутаттарының бастамасы бойынша Парламентаризм институты әзірлейтін заң жобалары бойынша қорытындылар, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Сараптамалық кеңестің құрамына беделді қазақстандық заңгер-ғалымдар, құқықтың түрлі салаларындағы сарапшылар кіреді.