Басты бетЖОЛ-КӨЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР МЕН О...

ЖОЛ-КӨЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР МЕН ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ТУРАЛЫ

ЖОЛ-КӨЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР МЕН ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ТУРАЛЫ ЖОЛ-КӨЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР МЕН ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ТУРАЛЫ

Парламентаризм институты автокөліктік қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша талдау жүргізді.

Бұрын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 27.12.2019 жылғы Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 14-тарауы көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылықты көздейтін 345-1-баппен толықтырылды.

Бұл норма көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік масаң күйінде басқаратын адамдарға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған сияқты. Алайда, жүргізілген талдау жол-көлік оқиғаларының кезіндегі жасалуы қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін нормалардағы бірқатар олқылықтар мен қайшылықтардың бар екендігін анықтады.

Мәселен, «сау жүргізушінің» жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны немесе көлік құралдарын жүргізуші адамдардың адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауаптылығын көздейтін ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінің санкциясы негізгі жаза ретінде тек бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Масаң жүргізуші» жасаған адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзу неғұрлым қатаң жазаны көздеуі керек.

Алайда, абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін ҚК-нің 345-1-бабының 3-бөлігінің санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді қолдану мүмкіндігін белгілейді.

Іс жүзінде қолданыстағы қылмыстық заңнама «масаң жүргізушіге» қарағанда «сау жүргізушіге» қатаң жаза тағайындаған.

Осыған байланысты ҚК-нің 345-1-бабы 3-бөлігінің санкциясынан бас бостандығын шектеуді алып тастау қажет.

Олқылықтар ҚК-нің 347-бабында (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) да анықталды, бұл көрсетілген норма ҚК-нің 345-бабында және 346-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін, қылмыстық жуаптылықты белгілейді. Бұл ретте осындай әрекеттерді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жасаған адамға қатысты (ҚК 345-1-б.), жауаптылық көзделмеген.

ҚК-нің 347-бабының диспозициясын ҚК-нің 345-1-бабының нормасымен толықтыру қажет.

Осы түзетуді іске асыру қылмыстық-құқықтық санкцияны көрсетілген іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің нақты дәрежесіне жатқызуға бағытталатын болады.

Әкімшілік заңнамада қайшылықтар мен олқылықтар анықталды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 610-бабының 2-бөлігі – көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қағидаларын жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққаны үшін 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе көлік құралын басқару құқығынан 9 айға дейінгі мерзімге айыру көзделген (мұндай түсіндіру 9 айдан аз құқықтан айыру мүмкіндігін көздейді), ал ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша осы жол қозғалысы қағидаларын бұзып, өзі қатысушысы болып табылған жол-көлік жүргізушінің тастап кеткені үшін ол қатысушы болып табылған оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.

Жазаның мөлшерлеместігі байқалады, өйткені жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғанға қарағанда жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіргені жауаптылық үшін әкімшілік жаза жеңіл.

P/S Құрметті достар! Ерте араласу институтын дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға жібере аласыз: instparlam@umto.kz сондай-ақ instparlam.umto.kz Парламентаризм институтының ресми сайтындағы «Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар» бөліміне жолдауларыңызға болады.