2023 жылғы 9 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат Танашева Гаухар Шаймерденқызы төрағалығымен Тұрғын үй кодексін әзірлеу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Тау Нұргүл, Нұрымова Гүлдара, Парламентаризм институтының өкілдері, «Rukhtylar» қоғамдық қорының өкілі қатысты.
Кеңесте көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрғын үй алу үшін ерекше балалары бар отбасылар алдында тұрған проблемалық мәселелер айтылды.
Өзара іс-қимыл жоспары шеңберінде VIII сайланған Парламент Мәжілісінің екінші сессиясында Парламентаризм институты осы депутаттық бастамаға белсенді жәрдем көрсетіп отырғанын атап өтеміз. Институт сарапшылары қолданыстағы жүйеге, халықаралық практикаға талдау жүргізеді, сондай-ақ сарапшыларды тиісті заң жобаларының мәтінін әзірлеуге жәрдемдесуге тартады.
Парламентаризм институты осы заң жобасын әзірлеу мақсатында барлық мүдделі тұлғаларды, сарапшылар мен талдаушыларды заң жобасын талқылауға қатысуға шақырады.
Тұрғын үй кодексінің мәселелері бойынша ұсыныстарды spanova@umto.kz.электронды мекен жайына жібере аласыз.