Басты бетҚАРЖЫ (ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ) ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫНА ҚАТЫСҚАНЫ...

ҚАРЖЫ (ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ) ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫНА ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БЕЛГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ

ҚАРЖЫ (ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ) ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫНА ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БЕЛГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ ҚАРЖЫ (ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ) ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫНА ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БЕЛГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ

Бүгін, ағымдағы жылғы 8 маусымда Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бұдан әрі-заң жобасы) мақұлдады, оны әзірлеуге Парламентаризм институтының мамандары қатысты.

Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қылмысқа қарсы күрестің практикалық мәселелерін назардан тыс қалдыруға болмайды, өйткені алаяқтықтың өсуі байқалады, бұл азаматтардың әділ наразылығын тудырады деп атап өткен. Осыған байланысты ол алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Заң жобасын әзірлеу кезінде Парламентаризм институтының қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл және оларды жарнамалауға қатысқаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеу мәселелері бойынша жүргізген талдау нәтижелері назарға алынды.

Қаржы пирамидалары кірістерді ұлғайту үшін инвестиция салған азаматтарға ғана емес, сонымен бірге мемлекет экономикасына да зиян келтіреді, өйткені үлкен көлемде ақша қаражатының ағуы, иемденуі немесе ұрлануы орын алады. Ең бастысы, қауіпті кәсіпорынға өздерінің соңғы мүлкін салған қоғамның аз қорғалған топтары зардап шегеді.

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда қаржы пирамидаларының құрбандары 31 мыңнан астам адам болды, олар 54 млрд теңгеден астам қаржы жоғалтты.

Қаскүнемдер заңды микроқаржы ұйымдардың, букмекерлік кеңселердің, тұтыну кооперативтерінің және жабық инвестициялық қорлардын аттарымен бүркемеленеді. Қазіргі кездегі осы пирамидаларды жарнамалауға белгілі медиа тұлғаларды тарта отырып қаржы пирамидаларына қатысу өзекті болып табылады.

Қазіргі кездегі мәселе – белгілі медиа тұлғалардың осы пирамидаларды жарнамалау арқылы қаржы пирамидаларына қатысуға шақыруы. Қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін жауапкершілік ӘҚБтК-нің 150-бабында белгіленген, ол айыппұл түрінде жазалауды көздейді.

Талдау көрсеткендей, әкімшілік заңнама аясында қаржы пирамидаларының жарнамасының жолын кесу тиісті нәтижелерге қол жеткізбейді.

Қылмыстың бастапқы сатысында жолын кесу мақсатында қаржы пирамидаларының жарнамасын Қылмыстық кодексте жауапкершілікті белгілей отырып, неғұрлым қатаң жауапкершілікпен (ауыр қылмыстар санатына жатқызу): адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше мәрте; бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет желісін, қызмет бабын пайдалана отырып, саралау белгісі бар жарнама үшін криминализациялау мәселесін қарау ұсынылады.

Қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу қажеттілігін талқылау шеңберінде, сондай-ақ қаржы пирамидаларды анықтау мақсатында «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті түзетулер енгізе отырып, бастапқы сатыда қаржы нарығының мониторингі бойынша өкілеттіктерді уәкілетті органға жүктеудің маңызды мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, ҚК-нің 217-бабында көзделген қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық еткені үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазаны қатаңдату көзделіп отыр.