Парламентаризм институты көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы заңнамаға талдау жүргізді (МИБ).
Талдау көрсеткендей, 2020 жылы енгізілген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетігі меншік иелеріне үйлерін өздері басқаруға және туындаған мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдауға құқық береді.
Алайда, құқық қолдану практикасы МИБ қызметінің ашықтығының болмауына байланысты азаматтардың көптеген шағымдары мен өтініштерінің болуын, ал ол алқалы түрде жүзеге асырылуы тиіс, өмір сүру қауіпсіздігі жағдайларын (өрт қауіпсіздігі, лифтілерге қызмет көрсету және басқа да жалпы үйдің инженерлік жүйелерін күтіп-ұстау) қамтамасыз етпегені үшін нақты жауапкершіліктің регламенттелмегенін растады.
Сондай-ақ жоюды қажет ететін бірқатар олқылықтар мен коллизилар анықталды, атап айтқанда:
- жиналыстың қабылданған шаралары мен шешімдері туралы меншік иелерінің хабардар болуының төмен деңгейі байқалады;
- қызмет көрсету үшін жеке тұлғаларды тарту мүмкіндігі жоқ, бұл тарифтердің өсуіне әкеледі;
- МИБ төрағасы лауазымына орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар белгіленбеген және т. б.
Тұтастай алғанда, бұл институт біздің еліміз үшін жаңа болып табылатындығын және азаматтардың көпшілігінің мүдделерін қозғайтынын ескере отырып, уәкілетті орган тарапынан кондоминиум объектісін басқару мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету қажеттігі туындайды.
Осылайша, қазіргі уақытта Парламентаризм институты кондоминиумдар қызметіне байланысты барлық жоғарыда аталған және басқа да проблемалық мәселелерді жан-жақты зерделеу, сондай-ақ тиісті заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.
Ескертпе: Құрметті достар, осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға: Khabidullayeva@umto.kz, сондай-ақ Парламентаризм институтының instparlam.umto.kz ресми сайтындағы «Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар» бөліміне жібере аласыздар.