2023 жылғы 17 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспековтың төрағалығымен лизинг мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Бұған дейін депутаттық сауалында Мәжіліс депутаты кредитке белшесінен батқан халықтың мәселесін шешу үшін ұзақ мерзімді қаржы құралы - жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу қажеттігін мәлімдеген болатын.
Жұмыс кеңесі барысында жеке тұлғаларға лизинг беру шарттары, лизингтік қызметқе мемлекеттік қолдау көрсету және т. б. тақырыптар талқыланды.
Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілі,«Атамекен» ҚР ҰКП, лизингтік компаниялардың өкілдері және Парламентаризм институтының срапшылары - жеке заңнама орталығының басшысы Қабылбаева Меруерт және бас маман Спанова Әсем қатысты.
Парламентаризм Институты осы заң жобасын әзірлеу барысында барлық мүдделі тұлғаларды, сарапшылар мен талдаушыларды заң жобасын талқылауға қатысуға шақырады.
Лизинг мәселелері бойынша ұсыныстар мен сұрақтарды spanova@umto.kz электрондық мекенжай бойынша жібере аласыз.