Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Астанада «Qazaqstan: орнықты даму жолында» аналитикалық материалдар жинағының тұсаукесері өтті. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша жарияланымдардың авторлары Парламент Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі» жобасының қатысушылары.
 
Іс - шараға ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының атқарушы директорлары Дәурен Әділбеков пен Жанар Тулиндинова қатысты.
 
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев атап өткендей, былтырғы жылы өткен Президент сайлауынан кейін саяси жүйені кешенді түрде қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Мемлекеттік құрылымның барынша демократиялық және орнықты үлгісіне көшу үдерісі басталды. Бұл ретте сапалы талдау елдің қарқынды дамуының маңызды шарты екені анық.
 
«Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдар қызметіндегі талдау жүргізу бағытын күшейту талап етіледі. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы мәселеге көп көңіл бөледі. Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы кезінде Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың тиімділігі талдамалық қамтамасыз етудің сапасына байланысты екенін атап өтті», - деді Мәулен Әшімбаев кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.
 
Сонымен қатар, Палата Төрағасы Сенаттың заң шығару қызметі шеңберінде сараптамалық қоғамдастықпен өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті. Клубқа қатысушылар Палата Комитеттерінің жұмыс топтарына қосылып, парламенттік тыңдауларға, Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмысына және тағы басқа іс-шараларға қатысады.
 
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап Парламент Сенаты жас сарапшылармен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Әр тоқсан сайын Жас сарапшылар клубы аясында өзекті мәселелер талқыланып, салалық мемлекеттік органдармен және «Талдау мектебі» жобасының қатысушыларымен бірлесіп, кешенді ұсынымдар әзірленеді. Екі алаңның жұмысына барлығы 150 жас маман тартылған. Олардың барлығы экономиканың және елдің қоғамдық-саяси өмірінің басқа салаларының жетекші мамандары.