2020 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР ПІБ жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығында құрылды. Институттың негізгі мақсаты - қабылданатын заңдардың сапасын арттыру. Парламентаризм институты депутаттарға заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігінің ғылыми негіздемесін, жаңа нормаларды енгізуді, заң жобаларын әзірлеуді және қажеттілік бойынша қаржы-экономикалық есептерді дайындауды, сондай-ақ заңдарды іске асырудың ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарларының болжамдарын әзірлеуді қоса алғанда, олардың заңнамалық бастама құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Мұнда депутаттық корпуспен бірлесіп Үкіметтік нұсқаларға балама заңнамалық нормалар пысықталады. Бұл қабылданатын заңдарды сапалы пысықтауға ықпал ететін болады.
Қасым - Жомарт Тоқаев 2023 жылғы шілдеде Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы «Әділетті Қазақстан - Адал Азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге назар аударды. Президент шешім қабылдау барысында азаматтардың қоғамдық көңіл-күйі, тілектері мен ұсыныстары ескерілуі тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі көбінесе аналитикалық қамтамасыз етудің сапасына байланысты. Мұның бәрі заңнамалық қызметке қатысты. Сондықтан Парламентаризм институты сарапшылар мен депутаттық корпус арасындағы «көпір» болуға, заң жобаларын әзірлеуге және талқылауға сарапшыларды, ғалымдарды, бизнес және салалық қауымдастықтар өкілдерін тартуға жәрдемдесуге тиіс.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Парламентаризм институты) Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында парламентаризмді одан әрі жетілдіру және Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілді және заңнамалық рөлін күшейту мақсатындағы тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 859 қаулысымен құрылды.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ