Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚЫЛМЫС ДЕП ТАНЫМ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚЫЛМЫС ДЕП ТАНЫМАУ БОЙЫНША ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚЫЛМЫС ДЕП ТАНЫМАУ БОЙЫНША ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚЫЛМЫС ДЕП ТАНЫМАУ БОЙЫНША ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚЫЛМЫС ДЕП ТАНЫМАУ БОЙЫНША ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары көшпелі отырыс өткізді. Негізгі тақырып, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды бұдан былай қылмыстан тыс деп тану мәселесі.

Іс-шараға ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының норма шығару мәселелері жөніндегі Атқарушы директоры - Алмас Қанатов және сарапшылар кеңесінің хатшысы - Владимир Волков қатысты.

Кездесуді комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзімен ашты. Президенттің халыққа Жолдауында елімізде қолайлы кәсіпкерлік ахуал қалыптастыру және билік пен бизнес арасында диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова мүдделі органдардың қылмыстан арылту мүмкіндігін қарастыратын нормаларға жүргізген талдауы туралы айтты. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган қылмыстық заңнаманың кейбір нормаларын іс жүзінде сирек қолданғандықтан алып тастауды ұсынғанын атап өтті.