2023 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының алаңында "Детектив қызметі туралы" Заң жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті.
Жиынға мемлекеттік құқық қорғау органдарының, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері және заңгер ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Парламентаризм институтының директоры Қ.Б. Сафинов өз сөзінде Парламентаризм институты заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру және Парламент депутаттарының бастамасымен институт әзірлеген заң жобалары бойынша қорытындылар дайындау мақсатында консультативтік көмек көрсететінін, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейтінін атап өтті.
"Детектив қызметі туралы" Заң жобасы Қазақстан Республикасында детективтік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, детективтік қызмет көрсетудің құқықтық негіздері мен тәртібін айқындайды.
Заң жобасының мақсаты - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қабілетін кеңейтуге бағытталған және Қазақстан Республикасындағы детективтік қызмет институтының құқықтық негіздерін құру болып табылады.
Сараптамалық кеңеске қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап өтті. Бұл ретте аталған заң жобасы бойынша бірқатар маңызды және нақты ұсыныстар айтылды.
Атап айтқанда, детективтік қызметті жүзеге асыру кезінде адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін ерекше атап өтті. Қатысушылар бұл заң жобасын одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атады.