Басты бет«Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

«Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

«Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

2023 жылғы 12 желтоқсанда Парламентаризм институтының бастамасымен, ҚР Әділет министрлігі және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты бірігіп «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелін өткізді.

 

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова, ҚР Парламенты Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, жетекші ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындардың өкілдері, отандық және шетелдік заңгер-ғалымдар қатысты.

 

Дөңгелек үстел қатысушылары заң шығару процесі құралдарын жетілдіру жолындағы өзекті сұрақтарды талқылап, сараптамалық пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) мәтіндерінің сәйкестігі мәселелері қаралды. Іс-шараға қатысушылар заң тілінің күрделілігіне тоқталды, олар халыққа құқықтық мәтіндерді жеңілдету және түсінікті ету тәсілі жолындағы өз зерттеулерімен бөлісті. Қазақ заң терминологиясын, оның ішінде дамыту мен стандарттау, сондай-ақ норма шығару үдерісіндегі жасанды интеллекттің рөлін, оның заңнаманы әзірлеуді жақсарту және оңтайландырудағы әлеуетін талқылады.