Оған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу аясында Қаржы және корпоративтік заңнама орталығының басшысы Маржан Жиенбаева қатысты.
Семинарда сауданы жеңілдету туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық баяндамасының тұсаукесері өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дүниежүзілік сауда ұйымының сауданы жеңілдету туралы келісімі аясында қабылдап жатқан шаралары, халықаралық жобалар, қағазсыз сауда, қағазсыз трансшекаралық сауда және тұрақты сауда сияқты басқа да бастамалар талқыланды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы USAID бағдарламаларының жетекшісі Стивен Орр, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, KAZLOGISTICS өкілдері қатысты.
Семинар барысында заң жобасын жан-жақты талқылауды қамтамасыз ету мақсатында мүдделі сарапшылар мен мемлекеттік органдар Институтпен ынтымақтастыққа шақырылды.