Жетісу облысында «Мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру және олардың Парламент депутаттарымен өзара іс-қимылы» тақырыбында тренингтер өтті. Шараға Жетісу облысы мәслихаттарының 150-ден астам депутаты қатысты.
Тренингті ҚР Президенті Іс Басқармасы жанындағы Парламентаризм институты Жеке заңнама орталығының бастығы Меруерт Әлиханқызы Қабылбаева өткізді.
Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Парламент пен мәслихаттар әрдайым бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда мемлекет саясаты барынша үйлесімді болады. Жергілікті биліктің шамасы келмейтін ауқымды мәселелерге орталық дер кезінде көңіл бөледі». –деп атап өткен болатын.
Бұл тренингтің мақсаты - депутаттарды азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, ҚР қолданыстағы заңнамасына бағдарлау, нормаларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау және норма шығармашылық қызмет процестері туралы базалық біліммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың проблемалық мәселелерін сапалы және тиімді шешуге толық бағдарланған жаңа форматтағы депутаттарды даярлауға бағытталған.
ҚР Парламент Сенатының тапсырмасы бойынша келесі жылы осындай оқытуды Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткізу жоспарланып отыр.