Заң жобалау қызметі
•2023 жылы барлығы 34 заң жобасы әзірленді.
•Оның ішінде VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясы барысында 19 заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске жолданды.
Қамтылған негізгі тақырыптар: білім беру және тәлімгерлік мәселелері, Ғылым және технологиялық саясат, электронды темекі тұтынуға тыйым салу мәселелері, ойын бизнесі, құмар ойын және лотерея қызметі мәселелері, жануарларға жауапкершілікпен қарау және т.б. сынды заң жобалары.
•VIII шақырылымның екінші сессиясында - 11 заң жобасы әзірленді.
Оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері, "тұқым шаруашылығы туралы", ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау мәселелері және т.б. сияқты заң жобалары бар.
•Сенаттың жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл шеңберінде 2 заң жобасы әзірленіп, жолданды.
45 заң жобасына талдамалық сүйемелдеу жүргізілді.
27 бағыт бойынша қолданыстағы заңнамаға мониторинг және талдау жүргізілді.
Барлығы 43 іс-шара (дөңгелек үстел, халықаралық конференция, семинар, депутат және сарапшылардың қатысуымен жиналыстар) ұйымдастырылды.
68 заң жобасына заңнамалық сипаттағы ұсыныстары бар сараптамалық қорытындылар дайындалып, Мәжіліске жолданды.
48 заң жобасын талқылау шеңберінде жұмыс тобы заңнамалық сипаттағы 553 ұсыныс дайындап, Мәжіліске жіберілді.