Басты бетСАРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МЕССЕДЖДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МЕССЕДЖДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МЕССЕДЖДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МЕССЕДЖДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МЕССЕДЖДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік Бекжанов Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының тезистерін талқылауға қатысты.

Астанада 2024 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 3 қаңтардағы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына арналған «ХХІ ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел форматында сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртаза Самат Русланұлы құттықтау сөз сөйледі. Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD Пұсырманов Нұрбек Серікұлы, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты директорының міндетін атқарушы Сәбитов Жақсылық Мұратұлы баяндама жасады.

Ойталқыда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Қазақстандық қоғамдық даму институты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты, Парламентаризм институты, Мемлекет тарихы институты сияқты отандық талдау құрылымдарының қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Сарапшылар өз тезистерінде Мемлекет басшысының сұхбатындағы негізгі месседждер халық арасында өзекті екенін және ағымдағы жаңғырту күн тәртібін толық көрсететінін атап өтті.

 

«Дөңгелек үстел» барысында Жошы Ұлысының 800 жылдығын атап өту аясында зерттеу тобының әзірлеген «Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар (Шейбандар, Шайбақтар) Әулеті (Ібір-сібір, Дешті-қыпшақ, Мәуереннахр аймақтарында)» атты ұжымдық монографиясының салтанатты тұсаукесері өтті. Монографияда жоба аясында зерттеу тақырыбына қатысты анықталған және тарих ғылымында бұрын қолданылмаған жаңа еңбектер, мұрағат құжаттары, карталар мен иллюстрациялар қамтылған.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылыми-талдау ұйымдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері, ЖОО және ҒЗИ ғалымдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.