Басты бетЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Ляззат Сүлеймен әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын талқылауға қатысты.

8 қаңтар күні Астанада ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Зәкиеваның ұйымдастыруымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаевтың, Сенат депутаттарының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдерінің, профессорлар И.Ш. Борчашвили, М.Ш. Қоғамовтың, Парламентаризм институты, сарапшылар, адвокаттар, көрнекті қоғам қайраткерлері және өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қатысуымен «Заңнамалық өзгерістер және қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру»  дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысушыларды Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында АМАNАТ партиясы фракциясының депутаттарымен, мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасының негізгі нормаларымен таныстырды.

Айта кету керек, заң жобасы қазір Үкіметтің қорытындысында және осы айдың соңында  жұмыс тобында талқылану үшін Мәжіліске  түсуі тиіс.

Жиынға қатысушылар, сондай-ақ, әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты қызметтердің кадрлық қамтамасыз етілуін нығайтуға байланысты мәселелерді шешуді; қолайсыз тұрмыс, лудоманияға ықпал ететін проблемаларды шешуді; 111 мемлекеттік сенім телефоны туралы ақпаратты тарату қажеттілігін талқыға салды.

Қатысушылар зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеологиясын қалыптастыруға әр адамның қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударды.