ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі атқарушы директор Жанар Төлиндинова AMANAT партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі сараптамалық талқылауға қатысты.
AMANAT партиясының хатшысы Шолпан Каринова өз сөзінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарында бекітілген мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылатынын атап өтті.
Жиынға қатысушылар - партия активі, гендер саласындағы белгілі сарапшылар, қоғам қайраткерлері – әйелдердің ұлттық және өңірлік деңгейлердегі заң шығарушы және атқарушы органдарда өкілдік ету мәртебесі мен деңгейін талдап, әйелдер саяси шешімдерге және оларды іске асыруға айтарлықтай әсер ететін әлемнің түрлі елдерінен алынған табысты мысалдарды зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында әйелдердің саясаттағы негізгі кедергілері мен қиындықтары, соның ішінде стереотиптер, қолдаудың болмауы және басқа да жүйелік мәселелер талқыланды. Талқылауға қатысушылар әйелдердің саяси өмірге қатысуын және олардың шешім қабылдау процесіне әсерін арттыру бойынша ұсыныстар мен стратегияларды ұсынды.
Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен өз сөзінде саясаттағы саяси ландшафт пен гендерлік стереотиптерге баға берді. Атқарушы директор Жанар Төлиндинова әйелдердің саяси процеске қатысуын арттыруға ықпал ететін әлеуметтік-мәдени өзгерістерге тоқталды.