Парламент Мәжілісінде Мемлекеттік органдардың, атап айтқанда өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің, Әділет министрлігінің, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, “Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ, "Атамекен"ҰКП өкілдерінің қатысуымен" риэлторлық қызмет туралы " заң жобасына негізгі тәсілдерді талқылау бойынша кеңес өтті.
Бүгінде "Риэлторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының бастамашысы - депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы болып табылады.
Іс-шарада қатысушыларды Парламентаризм институтының жеке заңнама орталығының басшысы Меруерт Әлиханқызы Қабылбаева заң жобасымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерімен таныстырды. Парламентаризм институтының жеке заңнама орталығының бас маманы Жасқайрат Мира Жасқайратқызы риэлторлық қызметтегі шарттық қатынастардың ерекшеліктерін атап өтті.
Аталған кеңес барысында риэлторлық қызмет туралы заңды әзірлеу қажеттілігі жөнінде ұстанымдар айтылды. Атап айтқанда, қаржы мониторингі агенттігі өкілінің хабарлауынша, риэлторлық қызметті реттеу қажеттілігі риэлторлық қызметтер нарығы көлеңкелі сектордың жоғары үлесімен, капиталды "жылыстату" мүмкіндіктерімен сипатталатындығына байланысты.
Бүгінде статистика бойынша жұмыс істеп тұрған риэлторлар саны 760-ты құрайды, оның тек 186-сы АФМ-да тіркелген.