Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚАНАТБЕК САФИНОВ СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИЯ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚАНАТБЕК САФИНОВ СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИЯ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚАНАТБЕК САФИНОВ СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИЯ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Парламентаризм Институтының директоры Қанатбек Сафинов Сенат жанындағы инклюзия жөніндегі Кеңестің отырысына қатысты

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы мүгедектігі бар адамдарды медициналық, еңбек және әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында сенаторлар мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге аталған санаттағы азаматтарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасын әзірледі. Сондай-ақ оларды әрі қарай іске асыру мәселелерін талқылады.

Сенат Төрағасы қатысушыларға ілтипат білдіріп, Мемлекет басшысы әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыруға тең жағдай жасалатын инклюзивті қоғам қалыптастыруға баса мән беретінін атап өтті. Қазіргі таңда елімізде бұл бағытта шешуді қажет ететін бірқатар мәселе бар. Мәселен, әлемдік тәжірибеде мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алудың және олардың кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді екені дәлелденген. Соған қарамастан қазақстандық компаниялар мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетін пайдалануға аса ынталы емес. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұған еңбек нарығының ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сұраныстарына бейімделмеуі себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, отырыста инклюзивті білім беру мәселесі де талқыланды. Бұл ретте тек физикалық тұрғыдағы кедергісіз орта қалыптастыру жеткіліксіз екені айтылды. Инклюзивті білім беру дегеніміз – икемді бағдарламалар, бейімделген техникалық және білім беру құралдары, сондай-ақ, педагогтердің тиісті құзыреті. Алайда, өңірлерде әлі де болса педагог және реабилитолог мамандар тапшы болып отыр.

Бұдан бөлек, Палата Төрағасы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуда тек медициналық шеңбермен шектелуге болмайтынын айтты. Бұл маңызды әлеуметтік мәселе кешенді тәсілдер мен мүдделі тараптардың жүйелі іс-қимылын талап етеді.